• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Алматыда ағылшын тілін тегін үйрететін курс ашылады

    Алматыда ағылшын тілін тегін үйрететін курс ашылады

    Алматыда “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ағылшын тілін тегін үйрететін курс басталады, деп хабарлады “Алматы” телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, курсқа қатысу үшін алыстан ат терлетіп келудің қажеті жоқ. Жобаны ұйымдастырушы “U 38” университеттер альянсының хабарлауы бойынша, профессорлар курсты онлайн режимде жүргізеді. Сондықтан ағылшын тілін Қазақстанның кез келген жерінен үйренуге болады. Қатысушылар үшін 7 сабақ дайындалған. Яғни, тіл меңгерушілер қалаған уақытында курсқа қосылып, білім ала алады. Айта кетейік, онлайн курс тілді жаңадан үйренушілерге арналмаған. “Бір деңгей керек ағылшын тілінде. Оны біз “Pre-Intermediate” дейміз. Яғни, сіз осы деңгейде өзіңіздің ойыңызды жинақтай аласыз. Өзіңіздің сөздік қорыңыз бар. Бұл курстың ерекшелігі – сіз сол ойларыңызды дұрыстап, мазмұндап, аудиторияға бағыттап, лексикалық тұрғыдан соны дұрыстап жеткізе алатын боласыз”,  – деді Абылайхан атындағы ҚХҚ және ӘТ университетінің доценті Перизат Елубаева


    kaz.tengrinews.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    “Қызыл Ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

    Құрбан айттың алғашқы күні   “Қызыл ай” қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент ...