• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Алаш Орданың 100 жылдығына концерт өтті

    Алаш Орданың 100 жылдығына концерт өтті

    Алматыда Алаш ардақтыларының еңбегін қайта жаңғырту мақсатында «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі ән кеші өтті. Онда елімізге танымал өнерпаздар Рамазан Стамғазиев, Жоламан Құжыманов, Еркін Шүкімән және Ардақ Исатаева ән шырқады. Алаш Орданың 100 жылдығына арналған концертте күйшілер күмбірлетіп күй төкті. Ал, жас жыршылар Қорқыттан басталатын жыршылық өнерді қайта жаңғыртып, тағылымды туындылармен көрерменді ерекше әсерге бөледі. Жалпы, тумысынан талантты Алаш арыстары ұлттық өнердің уызына қаныққан. Олар саясатты, ұстаздықты және өнерді қатар алып жүрді. Сондықтан, танымы терең тұлғалар сарқылмас мұра қалдырған. «Ал, бұл еңбектерді заман талабына сай түлетіп, халқымыздың қазынасына айналдыруға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жол ашты», –  дейді, ұйымдастырушылар. Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры:  – Бүгінгі шараның ең басты мақсаттарының бірі  – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын халыққа насихаттау және Алаш автономиясының 100 жылдығын үлкен елдік деңгейде тойлауға атсалысу.  Алаш зиялыларының қай-қайсысы болса да өнерге, ұлттық құндылықтарға біртабан жақын болған.

     


    Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Денис Тенге шет елден “тапсырыс” берген бе?

    Денис Теннің өліміне қатысты соттың кезекті отырысы тосын мәлімдемелерге толы болды. Тен тарабының қорғаушысы Нұрлан ...