• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Рузвельтке қазақтың ұлттық киімін тіккен Ләтипа Мұңайтпасқызының туғанына 125 жыл

    Рузвельтке қазақтың ұлттық киімін тіккен Ләтипа Мұңайтпасқызының туғанына 125 жыл

    Қазақстанның алғашқы театр суретшісі, халық шебері Ләтипа Қожықованың туғанына биыл 125 жыл болды. Осыған орай Қызылорда көркемсурет галереясында «Қожықовтар қолтаңбасы» атты көрме ашылды.

    Көрменің ашылуына Алматы қаласынан Ләтипа Қожықованың немересі Сәуле Құлахметқызы және өнер иесінің әріптестері мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдар қатысты.

    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қожықовтар династиясы – киелі Сыр топырағынан шыққан өнер әлемінің биік шыңын бағындырған, сол өнер өлкесінде қолтаңбасы қалған, қазақ мәдениетінде өз орны бар династия екенін атап өтті.

    Ләтипа Қожықованың жары, әулеттің басшысы, Қоңырқожа Қожықов «қырғыз» аталып келген ұлттың «қазақ» деген тарихи әрі нақты атауын қалпына келтіруге өз үлесін қосқан ғалым.

    Ұлдары – Құлахмет, Қожахмет, Нұрахмет, Сұлтан-Ахмет сынды он саусағынан өнер тамған азаматтар ұлт өнерінің төрінен өз орындарын алды. «Қазақты әлемге қазақ ретінде танытқан екі дүние бар.

    Оның бірі – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы болса, екіншісі, қазақ кино өнерінің тарихында алтын әріппен жазылған, әлемнің 80-ге жуық елінде көрсетіліп, бағасын алған «Қыз Жібек» фильмінің режиссері, тектінің тұяғы Сұлтан-Ахмет Қожықов екені бәрімізге аян. Әулеттің анасы, сән және қолданбалы өнер шебері Ләтипа Қожықованың қазақ қолөнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз.

    Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары мемлекеттік тапсырыспен Ләтипа Мұңайтпасқызының қолынан шыққан қазақтың ұлттық киімі 1933-1945 жылдарда АҚШ президенті болған Франклин Рузвельтке сыйға тартылған.

    Қазір ол АҚШ-тағы Рузвельт музейінде сақтаулы. Сондай-ақ, ежелгі қазақ қолөнері дәстүрінде тоқылған сәндік бұйымдары мен ұлттық киім үлгілерін Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінен көруге болады», – деді аймақ басшысы.

    Ләтипа Қожықованың немересі Сәуле Құлахметқызы әулет өмірінен естеліктерімен бөлісіп, алғыс айтты. Одан кейін қонақтар шебердің 70 суреті қойылған көрмемен танысты.

    Сондай-ақ, бүгін «Ләтипа Қожықова және қазақтың ұлттық сурет өнері» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, белігілі режиссер Болатхан Нүсіпбековтың Қожықовтар әулетінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарлан» деректі фильмінің тұсауы кесілді.

    _______________________________________________________________________________________________________________________

    inform.kz

    Пікір жазу

    Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

    *

    x

    Check Also

    Мешітке шабуыл. 49 адам қайтыс болды

    15 наурызда Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған шабуылдан 49 адам қаза тауып, 20 адам жараланды. Бұл туралы ...