Home » Жаңалықтар

Жаңалықтар

390 ГРАНТ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ БӨЛІНБЕК

Ерекше мүмкіндік! ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінді. 5 мың гранттың 390-ы Қызылорда облысына бағытталады. Оның 61-і педагогикалық ғылымдарға, 329-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауылшаруашылығы және биоресурстар мамандықтарына бөлінеді. Білім беру гранттарын алатын түлектер көп балалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін ...

Read More »

“Басқа әлемде жүргендей еді”: боксшының анасы ұлының ауыр қылмысқа қалай барғанын айтты

Аслан Мұқановтың отбасы боксшы теріс діни ағымның ықпалына түсті деп санайды  Қазақстанның былғары қолғап шебері, бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқанов туған жездесін өлтірді деп айыпталды. “Костанайские новости” басылымының жазуынша, 11 шілдеде күдікке ілінген боксшы қылмыс орнынан сегіз шақырым қашықтықта ұсталды. Аслан кішкентайынан спортпен шұғылданған. Әуесқой бокста тасы өрге домалап, жоғары жетістіктерге жетті, спорт шебері атағын алды. Әрі қарай кәсіпқой боксқа ...

Read More »

Білім министрі “Педагог мәртебесі туралы” заңды дайындап жатыр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов “Педагог мәртебесі туралы” заң жобасын депутаттардың қарауына енгізу мерзімін нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. “Қазір біз “Педагог мәртебесі туралы” заңды дайындап жатырмыз. Оны өздеріңіз білесіздер, министрлік бұл заңды бір жыл бойы жан-жақты талқылады, сондықтан қыркүйекке дейін біз бұл заң жобасын мәжіліске кіргізуіміз керек. Сол себепті нақты шешімдер болғаннан кейін барлығын білетін боласыздар”, – деді ...

Read More »

Алматыдағы жойқын өрт: үш жеке тұрғын үй отқа оранды – видео

Алдын ала деректер бойынша, Потанин көшесіндегі өрт салдарынан екі адам зардап шеккен.  Алматыда үш жеке тұрғын үй мен шаруашылық қора-жайлар өртеніп кетті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Оқиға 18 шілдеге қараған түні Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған. Жалын үш бірдей жеке тұрғын үйді шарпып, маңындағы шаруашылық қора-жайлар өртене бастаған. Алдын ала деректерге сүйенсек, екі адам зардап шегіпті.   “Адырна” ұлттық ...

Read More »

ШҚО-да жастарға арналған жаңа жобалар іске қосылды

Жастар жылы аясында облыста жастар саясатына арналған төрт жаңа жоба іске асырылады. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жобаларға тоқталып, олардың іске асырылу барысы туралы мәлімдеді. Бүгінгі таңда облыста 14 және 29 жас аралығында 264 990 адам тұрады, яғни аймақ тұрғындарының 20%-н құрайды. Өңірде «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 24 шілдеден бастап 18 бен 29 жас ...

Read More »

Семейде «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті

Семейде ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне және Ұлттық Домбыра күні аясында сондай-ақ, Жастар жылына орай «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті. Шара бірнеше бағытты қамтыды. Қатысушылар Ертістің оң жағалауынан 750 метр қашықтықта 200 кг шашылған түрлі-түсті бояулар шеруінде жүгіріп өтті. Сонымен қатар, Домбыра Party, Асық Party, Urban Dance, Water party, Street Workoutт алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік концерт жүргізілді. – Бүгін қаламызда ...

Read More »

Семейде түңғыш дүниеге келген сәбиге домбыра сыйлады

Жыл сайын Семейде Ұлттық Домбыра күні кеңінен аталып өтіледі. Мейрам қарсаңында Перинитарлық орталықта дүниеге келген сәбиге ұлттық аспап сыйға тартылды. Бұл сыйлықты қалалық Достық үйі жасады. – Төртінші баласын дүниеге әкелген сәбидің анасын шын жүректен құттықтап, Домбыра күніне орай ұлттық аспапты сыйлаймыз, – деді қалалық Достық үйінің басшысы Надежда Шарова. Қуаныш иесі Жарма ауданы Шар қаласының тұрғыны Альмира Рахметжанова сәбиінің ...

Read More »

Әншілер енді фонограммамен ән айтпайды – Мәдениет министрі мәлімдеме жасады

Мәдениет министрі Димаштың ізімен халықаралық байқауларда жүлде алып жүрген жастарымыз жанды дауыста ән салу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отырғанын айтады. Қазақстанда әншілердің фонограмамен ән салуына шектеу қоятын заң жуық арада қолданысқа енгізілуі мүмкін. Витебскіден жеңіспен оралған Әділхан Макинді қабылдаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова “Мәдениет туралы” заңға осындай өзгерістер енгізіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды 31 телеарна. Бұл ұсынысты қоғамда ...

Read More »

Алматыдағы қоймадан өрт шықты

ТЖД баспасөз қызметінің фотосы Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Портал оқырмандарының мәліметінше, қазіргі уақытта “Саяхат” маңы түтінге батып, ыс шығып тұр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.  “2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің “101” пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. View this ...

Read More »