Нәрестелердің өлім-жітімі 2,4%-ға артқан

3043
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/6c7289f5-9c15-4dfa-b001-13da00fe6e54.jpeg
Қазақстанда 1 жасқа дейінгі нәрестелердің өлім-жітімі көбейген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды.
«2021 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 815 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (796 шетінеген нәресте) 2,4% артты»,–делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі таңда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,11 оқиғаны құрап отыр.

«Адырна» ұлттық порталы

评论