168 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде

3707
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/ec8baf9c-ffc7-4fb0-a297-015009cb2d5a.jpeg
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов 2021 жылдың I-тоқсанында атқарыған жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда қалада құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 168 нысан қамтылған. Оның 134-і жаңа нысандар болса, қалған 34-і өткен жылдардан өтпелі нысандар. Жыл қорытындысы бойынша 155 нысан (248,8 шақырым) пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, құрылыс-қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, орташа жөндеу – 138. 2021 жылдың 1-тоқсанында жоспар бойынша құрылыс жөндеу жұмыстары бастау алып, 1,1 млрд. теңге игерілді. Оның ішінде, ауқымды жобалар – Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев даңғылы жалғасының 1-ші және 3-ші кезеңдері, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңі. Ағымдағы жылы іске асыру жоспарланған орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толығымен аяқталады.

ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

评论