Қазақстандық тик-токерлер жеңіске жетті

5424
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/20210316_111859.jpg
Көпшілікке "Bip House" атымен танымал тик-токер жастардың ұйымы әлемдік "Nickelodeon kid's choice awards 2021" байқауында бақ сынады. Олар "Ресейлік көрермендердің сүйікті блогерлер үйі" номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Bip house - қазіргі таңда әлемге танымал жас тик-токерлер ұйымы. Постсоветтік елдердің арасында көш бастап тұрған қазақстандық жастар "Tik Tok" желісінде 10,1 миллион жазылушыларға ие. 10 жас тик-токерлерлің қатарын біріктірген "хаус" әлемдік челлендждердің қаралымында үздік атанып, трендтер тобында ілгері бастап тұр. "Бізге дауыс бергендеріңіз үшін рақмет! Біз жеңдік! Nickelodeon-ге бізге осындай жеңісті бергені үшін алғысымызды білдіреміз! Алға Қазақстан!" деді жастар өздерінің Instagram парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы

评论