Дональд Трамп өз жақтастарының ауқымды митинг өткізетіндігін жариялады

3743
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/tramp.jpg
Сайлаудағы  жеңілісін мойындаудан бас тартқан АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп өзінің жақтастарының кезекті митингісі болатынын жариялады. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы informburo.kz- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ауқымды акция Вашингтонда 6 қаңтарда, Конгресстің екі палатасы дауыс беру нәтижелерін ресми түрде мақұлдаған күні өтеді.
"Үлкен наразылық митингі Вашингтонда 6 қаңтарда сағат 11.00 – де өтеді", - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.
Қазіргі Мемлекет басшысының жақтастары қараша мен желтоқсан айларында  ірі демонстрациялар өткізген болатын. 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Демократиялық кандидат Джо Байденнің жеңісі туралы Америка Құрама Штаттарының жетекші БАҚ – тар-CNN, BBC, NBC, Associated Press, Fox News хабарлаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото ашық дереккөзден алынды

评论