Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібермек

2818
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/1622c2fa-bd76-4dc8-91ab-fef63960ccb5.jpeg
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі.
«Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

评论