Ливерпульде футбол жеңісін тойлау кезінде көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті

1795
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/8f2ef32a-6f04-4e15-a9b5-310a25502e3e-960x500.jpeg?token=9d30bf46569cb32ebb23e0bd9a46167e

Ливерпульде Англия Премьер-лигасында жеңіске жеткен «Ливерпуль» футбол клубының жеңісін атап өту кезінде көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Қалалық ауруханаларға 27 адам жеткізілді, олардың төртеуі – балалар. Бұл туралы 26 мамыр күні кешке өткен брифингте жедел жәрдем қызметінің өкілі Дэвид Китчен мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Оның айтуынша, жарақат алғандардың екеуі – ересек адам мен бала – ауыр жараланған.

Оқиға Ливерпуль қаласының орталығында болған. Онда дәстүрлі шеру өткен: чемпион атанған футбол клубының ойыншылары кубокты қолдарына ұстап, ашық автобуста келе жатқан. Шеру аяқталған соң, адамдар тарай бастағанда, Ford маркалы көлік топтың ішіне кіріп кеткен.

Мерсисайдтық өрт сөндіру және құтқару қызметінің басшысы Ник Сирлдің айтуынша, соқтығыс салдарынан төрт адам (үш ересек және бір бала) көлік астында қалып қойған.

Полиция басшысынык көмекшісі Дженни Симс баспасөз мәслихатында зардап шеккендердің кейбіріне (олар 20 адам болған) алғашқы көмек оқиға орнында көрсетілгенін айтты.

评论