Израиль әскери әуе күштері Йеменнің батысындағы бірнеше портқа әуеден шабуыл жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Al Masirah телеарнасының мәліметінше, соққылар Салиф порты мен Қызыл теңіз жағалауындағы Ходейда портына бағытталған. Бұл аймақтар Йеменнің стратегиялық маңызы бар теңіз қақпаларының бірі саналады.
Бейсенбі күні Йеменнің солтүстігінде билік жүргізіп отырған “Ансар Алла” (хуситтер) қозғалысы Израильдің Бен-Гурион халықаралық әуежайына 72 сағат ішінде төртінші зымыран соққысы жасалғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль әскері Йемендегі әуежайға, екі электр станциясына және ел астанасындағы зауытқа да әуеден соққы жасаған болатын.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз