Түркияда тағы да жер сілкінді

1906
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06

15 мамыр күні Түркияның Кония провинциясындағы Кулу ауданында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) хабарлады.

Сейсмикалық дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 15:46-да болды. Жерасты дірілінің күші 5,2 баллды құрап, оның ошағы 18,73 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің дүмпулері ел астанасы Анкара мен оған жақын өңірлерде де сезілген.

Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерлікаяның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта сейсмикалық белсенділік тоқтаған. Жапа шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін, 23 сәуірде Ыстамбұл маңындағы Мәрмәр теңізінің жағалауында 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркеліп, 236 адам зардап шеккен болатын. Құрбан болғандар жоқ.

评论