Қостанай облысының тұрғындары "Жеңіске жол" республикалық онлайн-акциясын белсенді қолдауда

1100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_7480-960x500.jpeg?token=299900b6cb9a10ecf76a5c866bebb76a
Бүгін Қостанай облысының тұрғындары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған "Жеңіске жол" республикалық онлайн-акциясына белсенді қатысуда.
Акцияға жастар мен аймақ тұрғындары қосылды. Бұл бастаманы облыстың көптеген жас тұрғындары, блогерлер, белсенділер және түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қолдады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде естелік орындардың – ескерткіштердің, мемориалдардың, мұражайлардың және еліміздің қаһармандық өткенімен байланысты басқа да маңызды объектілердің фотосуреттері мен бейнематериалдарын жариялады. Басылымдарда олар осы жерлердің маңызын, олармен қандай оқиғалар байланысты және тарихи жадты сақтауда қандай рөл атқаратындығын баяндайды.
评论