Қазақстан мен Ресей тауар айналымын 30 млрд долларға дейін арттырмақ

1421
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8378-960x500.jpeg?token=640556566434b1baabc95eb58100fd14

Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударды. Одан бөлек, көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Айта кетейік, өткен жылы екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жеткен.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниеттері расталды.

评论