Пәкістанда жер сілкінді

1431
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
12 сәуір күні Пәкістан аумағында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, дүмпу Астана уақыты бойынша 12:30-да сезілген.
«Эпицентр Атток қаласынан (халқы шамамен 85,4 мың адам) солтүстік-шығысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 39 шақырым тереңдікте тіркелді», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, осыған дейін, 9 сәуірде Индонезияда да дәл осындай магнитудамен (5,0) жер сілкінісі болған. Сарапшылар ол дүмпуді де айтарлықтай сезілетін деп бағалаған болатын.
评论