Албания TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салмақ

1070
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/tik-tok-960x500.jpg?token=63d7722641d651022a03ed3af128d70b
Албания билігі TikTok әлеуметтік желісін ел аумағында бұғаттайтын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді. Саясаткер TikTok-ты балалар арасында зорлық-зомбылық пен қорлауға итермелейді деп айыптады. Әлеуметтік желіні бұғаттауға  қараша айының ортасында орын алған оқиға себеп болған. Албанияда 14 жастағы жасөспірімді құрдасы өлтірген. Болжам бойынша, бұл қайғылы оқиға TikTok-та басталған жанжалдан туындаған. Ата-аналар мен мұғалімдермен кездесу барысында премьер-министр Эди Рама TikTok-қа қолжетімділік "толығымен және барлығына жабылады. Албания Республикасында TikTok болмайды" деп мәлімдеді. Әлеуметтік желіні келесі жылы бұғаттау жоспарланып отыр. Бірақ нақты күні әлі белгісіз. Ақпарат көздерінің мәліметінше, албандық ата-аналар балалардың мектепке пышақ және басқа да заттар алып келуі туралы жиі хабарланатын оқиғаларға алаңдаушылық білдіруде. Олардың пікірінше, мұндай мінез-құлыққа TikTok-тағы контент себеп болуда. Айта кетейік, TikTok әлеуметтік желісіне Үндістан мен Гонконгта толықтай тыйым салынған.
评论
其他材料