«Апат болды». Қазақстанның Германияға қосымша мұнай жеткізуіне кедергі туындады

1437
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/img_1807-960x500.jpeg?token=478ae4944c2f67a47f03d252e5798ccb

Қазақстанның «Дружба» құбыры арқылы Германияға 100-150 мың тонна мұнайды қосымша жеткізу жоспарына Польшадағы мұнай құбырында болған апат кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы «Нефть и газ Казахстана» Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Апат Польшадағы «Дружба» мұнай құбырының учаскесінде болды. Осы құбыр арқылы қазақстандық мұнай Германияға экспортталады»,— делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Бұған дейін Энергетика министрлігі «Дружба» құбыры арқылы Германияға 1,2 млн тонна мұнай экспортталғанын мәлімдеген еді. Екі күн өткеннен кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Асхат Хасенов жыл соңына дейін тағы 100-150 мың тонна мұнай жөнелту жоспарланып отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда апаттың осы жоспарларға әсер ететін-етпейтіні туралы нақты мәлімет берілмеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

评论