Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

1577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_8157.jpeg

Әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Telegram-дағы «Письма президенту» арнасында оқиғаның 19 тамыз күні сағат 23:00 шамасында болғаны айтылған.

Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция бөлімі бұл іске қатысты түсініктеме берді.

«Алынған арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,—деді ПД баспасөз қызметі.

评论
其他材料