Боксшы Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды

2302
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/whatsapp-image-2024-08-04-at-16.41.36-960x500.jpeg?token=84ea666af664d091012ef846eb205b18
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында финалға шықты. Оның ақтық сындағы қарсыласының кім екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Украиналық Александр Хижняк пен қазақстандық Нұрбек Оралбай алтын медаль үшін таласады. Қазақ боксшысы жартылай финалда кубалық Арлен Лопесті жеңді.
Енді финалдық жекпе-жек 8 тамыз, бейсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 01:51-де басталады.
评论