TikTok-қа тыйым салған экс-президент желіден жеке парақшасын ашып алды

1924
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/tramp-960x500.jpg?token=cb86032a8aa6f614ff34fce0fb21c181
АҚШ-тың экс-президенті TikTok желісінен жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті Дональд Трамп 1 маусым күні TikTok желісіне қысқа видео жүктеді. Алғашқы жазбасы жарияланған аккаунтта қазірдің өзінде 700 мыңнан астам жазылушысы бар.
Алайда бұрынғы басшы 2020 жылы Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде әлеуметтік желіге тыйым салуға тырысқан болатын. Ал 2021 жылы АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден Трамптың TikTok-қа салған тыйымын жойды.
评论
其他材料