Білім ордасында. 12 жастағы мектеп оқушысы атыс ұйымдастырды

3985
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-02-at-19.00.05.jpeg
Финляндияда 12 жастағы оқушы мектепте атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 2 сәуір күні Финляндияның Вантаа қаласындағы мектепте атыс болған. Бастапқыда жергілікті полиция атыстың салдарынан зардап шеккендердің болғанын хабарлады. Бір оқушы ауруханада қайтыс болған. Шетелдік БАҚ-тың дерегінше, құқық қорғау органдары Вьертола мектебінде болған атыс туралы шамамен таңғы тоғызда білген. Күдікті оқушы сағат 10:08-де ұсталды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы 12 жастағы жасөспірімдер. Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо бұл оқиғадан қатты таңғалғанын жеткізген.
评论
其他材料