Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгілі болды

2467
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/uandyқ-bishimbaev-960x500.jpg?token=10ada4dab4de75bb51dd694ccd5b3a3f

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сот кабинетінің» деректерінде алдын ала тыңдау 11 наурызда өтеді деп көрсетілген.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылып отыр:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы – "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, заңсыз қасақана бөтен адамның өліміне әкеп соғу";
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы – "Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру".
评论