Зорлықпен өлтірілген. Оралда үйлердің жанынан ер адамның мүрдесі табылды

3483
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Жаға ұстатарлық жағдайды БҚО Полиция департаменті хабарлады. Ер адамның мүрдесінен зорлық-зомбылықтың белгісі табылған.
«Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі кезде аталған қылмысты ашу және күдіктіні анықтауға бағыттталған жедел іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.
评论