Өскеменде ер адамға оқ атқан күдікті ұсталды

2512
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-14-at-11.39.10.jpeg
Өскеменде белгісіз біреу ер адамға оқ атып, мерт қылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер Өскемендегі үйдің алдынан ер адамның мәйітін тапқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам оқ тиген соң қайтыс болған. Қылмысты жасаған күдікті 10 минуттан кейін ұсталған. Кісі өліміне әкелген оқиға видеоға түсіп қалған.
"Осы фактіге дереу патрульдік бригадалар жөнелтіліп, 10 минут ішінде күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады департамент.
评论
其他材料