Алматыда нөмірлеудің қайталануын болдырмау мақсатында кейбір автобус бағыттарының нөмірлері өзгертілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
Келесі маршрут нөмірлері өзгертілді: №20а автобусы №58 болып өзгертілді; №104а автобусы №139 болып өзгертілді; №115а бағыт №136 болып өзгертілді; №125а бағыт № 143ш болып өзгертілді (мектеп маусымы кезеңінде жарамды); №133а бағыт № 144ш болып өзгертілді (мектеп маусымы кезеңінде жарамды). Айта кетейік, 2023 жылы Қарғалы өзенінің бойында Абай даңғылынан №208 мектепке дейін ұзындығы 360 метр және ені 2,5 метр болатын L-тәрізді тротуар салынды.“Адырна” ұлттық порталы