Еліміздегі ломбардтар ІІІ тоқсанда 7 миллиардтан астам пайда тапқан

2724
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/e7451e6171295c4fe1a880c5574bd41e.jpg

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстандағы ломбардтар ІІІ тоқсанда 7 млрд -тан астам таза пайда тапқан, деп хабарлады «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазақстан ломбардтары 2023 жылдың шілде-қыркүйегінде 7,4 млрд теңге таза пайда көрді. Салық салынғанға дейін ломбардтардың таза пайдасы 8,7 млрд теңгені құрады», - деп жазылған реттеуші ұсынған есепте. «Есепті кезеңде ломбардтардың кірісі 38,8 млрд теңгені, ал шағын несиелер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістің үлесі 19,3 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

评论