Рекордтық сома. Астана әкімдігі жаңа жылға дайындық жұмыстарына 2,6 млрд теңге жұмсамақ

3022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/izobrazhenie_2023-12-06_195424262.png
Биыл елордада жаңа жылдық безендіруге рекордтық сома – 2,6 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп. Астана қаласы биыл жаңа жылдың көңіл-күйге молынан шашылмақ. Деректерге сүйенсек, мұндай сома бұрын-соңды аудандарға бөлінбеген: Есіл ауданы: 1,6 млрд.теңге Нұра ауданы: 500 млн.теңге Алматы ауданы: 275 млн.теңге Байқоңыр ауданы: 247 млн.теңге Сарыарқа ауданы: 45 млн.теңге Әкімдік жаяу жүргіншілерге арналған көшелерді, Абай және Астана алаңдарын, Тұңғыш Президент саябағын, ҚазҰТОБ алдындағы алаңдар, Жастар театры, «Алматы Арена», сондай-ақ әр аудандағы көрікті жерлерді безендіретіні хабарланды. Сонымен қатар, түрлі ойын-сауық бағдарламалары бар 22 мұз айдынын ашу жоспарлануда.
评论