Алматыда ер адам биіктен құлап, қайтыс болды

2349
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/premera-zhk.jpg
Алматыда ер адам 14-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Алматы қаласында«Премьера» тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы балконынан ер адам құлап, мерт болды. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес Наурызбай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды, - делінген хабарламада.
Полиция фактіні суицид ретінде тіркеді. Құзырлы орган ҚР ҚК-нің 105-бабы, «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеу амалдарын қолға алды.
评论
其他材料