«Kaman-19». Иран сынақтан өткізген дронын «садақ» деп атады

2540
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/170641382.jpg

Иран армиясы дрондардың бірлескен жаттығуларында алғаш рет жаңа «Каман-19» (садақ) дронын көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Иранның Irna ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаттығу барысында төрт армия күштерінің электронды соғыс бөлімдері электронды соғыс техникасы мен шешімдерін әзірлеп, іске асырды», - деді Иран армиясының бірлескен дрон жаттығуларының баспасөз хатшысы Әлиреза Шейх.
Сондай-ақ Шейх жаттығу кезінде дрондармен байланысты бұзу операциясын «Абабил-4» және «Каман-19» дрондары сәтті жүргізгенін хабарлады.
«Каман-19» алғаш рет жауынгерлік ұшуды жүзеге асырды және елдегі армияның дрондық базаларының бірінен ұшып шыққаннан кейін ол радиоэлектрондық күресті және борттық радиолокациялық станцияларды істан шығару әрекетін сәтті жүргізді», - деп түсіндірді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

评论
其他材料