ҰҚК операциясы. Маңғыстауда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен жетекшісі ұсталды

3457
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/izobrazhenie_2023-09-20_154028111.png
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен полиция қызметкерлерінің бірігуімен Маңғыстау облысында бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және заңсыз қару сақтау күдіктері бойынша бір топ адамның әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.  Қыркүйектің 18-і күні өткен операция барысында қылмыстық топтың жетекшісі мен үш қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді. "Қолда бар мәліметтерге сәйкес, олар физикалық зиян келтіреміз деп қорқытып, аймақтық және халықаралық бағыттар бойынша жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақша талап еткен. Шабуылдағандардың аты-жөні анықталды, оның ішінде шекара қызметінің кезекші әскери қызметкері де бар", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.
评论