Қостанай орманында қыз баланың денесі табылды

3248
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/9da8d5ea-cd17-455e-9a50-5b9f3334f124.jpeg
Қостанай облысындағы орманда қыз баланың денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі alau.kz-ке сілтеп. 27 тамыз күні сағат 17.00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ терушілер алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсаған қызды тапқан. «Біз мұны кездейсоқ көрдік. Міне оның көлігі. Алдыңғы орындықта балалар орындығы бар», - дейді. Қазір полицейлер аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
评论