"Үлкен жетістік": Қазақ балуаны сумо күресінен қарсыласын 11:4 есебімен жеңді (ВИДЕО)

4643
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/1dd61b30192946c28cda5a7866f0970a.jpeg
Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау өзінің желідегі парақшасында қуанышты жаңалықпен бөлісті. Оның жазуынша, отандасымыз қазақ балуаны Ерсін Балтағұл сумо күресінен алғашқы қатысуын 11:4 есебімен жеңіспен аяқтады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 
"Жақсы жаңалық! Қазақтың қара домалағы сумо күресінің ең жоғарғы тобына күресіп, алғашқы қатысуын 11:4 аяқтады. Бұл өте үлкен жетістік. Жоғарғы топқа кіре салып 11 жығып, 4 жығылып 42 палуан ішінен басқы 4 кірді. Ерсін Балтағұл Kinbozan сенің Yokozuna болып барша қазақты қуантуыңды тілеймін", - деп жазды Сырымбек Тау.
"Адырна" ұлттық порталы 
评论
其他材料