«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды

3648
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/c27848f1-6e3e-4f91-9323-dad5868d13a2.jpeg
«Құдаша» халық әні — Қытайда да трендке айналды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі орта мектептер мен колледждердегі оқушылардың, жоғары оқу студенттерінің біздің Музыкалық жас көрермен театры артистерінің орындауындағы «Құдаша» әнін - мерекелік кештерде сахналық композиция, флешмоб жасап жатқанын көріп сүйсінсек, бүгін Қытай Халық Республикасының мектеп оқушылары мен студенттерінің арасында да трендке айналған видеолары тарады. Айта кетейік, «Гауһартас» музыкалық драмасындағы орындалатын әндер - премьера болған күннен бастап көрермен жүрегінің төрінен орын алды. Әсіресе, халық әні "Құдаша" - айналасы 2-3 аптаның ішінде инстаграм, Tik-Tok секілді әлеуметтік желілерде миллиондаған тыңдарманның назарына түсіп, актуальды туындыға айналып шыға келді.
评论
其他材料