Мысырда баскетбол ойыны кезінде мінбер құлап, 27 адам зардап шекті

3051
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/9847ebe1-0f84-4ab9-bdfe-ccdec635c7e7.jpeg
Мысыр астанасының батысындағы 6 қазан атындағы қаладағы жабық стадионда мінбердің құлауы салдарынан кем дегенде 27 адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
РИА Новости сайтының мәліметінше, оқиға Каир мен Александрия командалары арасындағы баскетбол ойынының соңғы минуттарында болды.
Жараланғандардың көбінде сынық пен қан кету жарақаттары тіркелді. Адам өміріне қауіп төндіретін залал жоқ.
评论