Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды

2875
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/b45d6cee-fc6d-4704-9e3a-d6c25a039382.jpeg
Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 1971 жылы туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобиль және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған. Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.
评论
其他材料