Суретші Талғат Тілеужанов мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/V81F2KH8ejQBavynXR68ID5Niy3rjjrgR7jQgkmi.jpg

Бүгін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Алматыдағы №124 сайлау учаскесінде қазақстандық кескіндемеші, монументалист суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының және Нью-Йорк Суретшілер одағының мүшесі, «IZDER» өнер тобының мүшесі, «ТҰРАН» халықаралық сыйлығының лауреаты Талғат Тілеужанов дауыс берді.

Өнер қайраткері әр азаматтың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен ел дамуына қатысты мәселелерге үн қосуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ сайлауға қатысу азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін жеткізді.

«Бүгінгі дауысымыз – еліміздің ертеңіне деген жауапкершілігіміздің көрінісі. Сондықтан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз азаматтық ұстанымымды білдіруді жөн көрдім», – деді Талғат Тілеужанов.

评论