Мобилизация заңы. Өзбекстан сенаты соғыс жағдайына әзірлік тәртібін мақұлдады

244
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hFJHChsYTDmpflDfRR3eWa9yeIBRc3n80tbFwivR.webp

Фото:  telegram sputnikuzbekistan

Өзбекстан сенаты елді ықтимал әскери қауіптерге дайындау, әскерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңды мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна". 

Sputnik дерегінше, жұмылдыру жарияланған жағдайда азаматтар денсаулық жағдайы мен отбасылық ахуалы ескеріле отырып, әскери қызметке шақырылады. Азаматтардың жекелеген санаттарына кейінге қалдыру құқығы беріледі.

Сонымен қатар әскери қызметке шақырылған азаматтардың жұмыс орындары сақталады.

Заңда қарулы күштердің қажеттілігі үшін азаматтар мен ұйымдардың мүлкі мен көлік құралдарын тарту мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл ретте пайдаланылған мүлік пен көлік үшін жұмсалған шығындар өтелуге тиіс.

评论