Астанада жүк көлігі өртке оранды

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/88uVhYXbGbCaz05KVaSN8aWAOvEDUWnbDXfOZyVC.png

Фото: Бейнежазбадан скрин

Астанада Байтұрсынов көшесінде «ГАЗель» жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды "Адырна". 

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде сөндіріп, оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Сарайшық ауданындағы А. Байтұрсынов көшесінде болған. Алдымен көліктің қозғалтқыш бөлігі тұтанып, кейін жалын салонға тараған.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік иелерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.

评论