Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Q0ct6qRrvJhbh2WJHHwOPgXxYMClYDEftCI4gmEt.webp

Фото: Gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Игорь Лепеха 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Ресей Федерациясы ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасында бастаған. 1997 жылға дейін осы салада қызмет етіп, кейін Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2009–2019 жылдары ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, кейін комитет төрағасы болды. 2019–2020 жылдары министрліктің Штаб-департаментін басқарды. Ал 2020–2022 жылдары ішкі істер министрлігі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.

2022 жылғы қазаннан 2026 жылғы қарашаға дейін ішкі істер министрінің орынбасары болды.

Игорь Лепеха І және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

评论