Ресейдің ұшқышсыз аппараты Польшаның әуе кеңістігіне өтіп кетті

215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Cw15wD9oxJmLfhhiwfio6YeBPvdjMvIzIQh28YyR.jpg

Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылы кезінде ұшқышсыз ұшатын аппараты Польшаның әуе кеңістігіне қысқа уақытқа кірген, деп хабарлайды “Адырна”. 

Польша қарулы күштерінің мәліметінше, азаматтық тұрғындарға қауіп төндірмеу үшін дронды атып түсіру туралы шешім қабылданбаған.

Оқиға 24 қарашаға қараған түні Украинаның батысындағы нысандарға жасалған шабуыл кезінде болған. Польша қарулы күштерінің жедел қолбасшылығы радиолокациялық жүйелер арқылы ұшқышсыз аппараттың қозғалысын үздіксіз бақылаған. Оны жоюға рұқсат та берілген.

Алайда дрон шығыс бағытқа қарай бұрылған соң, оны атып түсіруден бас тартқан. Мұндай шешім ықтимал жарылыс салдарынан бейбіт тұрғындарға қауіп төндірмеу мақсатында қабылданған.

Бұған дейін, 23 қараша күні кешке Польшада әуе дабылы жарияланған. Елдің оңтүстік-шығысындағы шекаралас аудандардың тұрғындарына паналау орындарына өту ұсынылған.

评论