Қытай мен АҚШ басшылары саммитте кездесті

75
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hvraMXySQFX4CnrRIte9LIKmSTySEpX6FYwGkQ90.jpg

Фото:ТАСС

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамп екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна". 

19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында ұйымдастырылды.

Дональд Трамп Қытайға саммитке қатысу үшін барған. Бұл – екі ел басшыларының биылғы үшінші кездесуі. Бұған дейін мамыр айында Дональд Трамп Бейжіңге, ал қыркүйекте Си Цзиньпин Вашингтонға барған.

Биыл АТМЭЫС-тің 33-саммиті Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында өтіп жатыр.

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымына өңірдің 21 экономикасы мүше. Ұйымның алғашқы саммиті 1993 жылы өткен. Қытай бұған дейін АТЭС саммитін 2001 жылы Шанхайда, 2014 жылы Бейжіңде қабылдаған.

Саммит аясында бүгін Қытай, Ресей және АҚШ басшыларының қатысуымен үшжақты кездесу де өтеді.

相关新闻

评论
相关新闻