Тәжікстан мен Ауғанстан маңында жер сілкінді

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

17 қарашада Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпулері Астана уақытымен сағат 19:59-да (Гринвич уақыты бойынша 14:59) болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 37,51 градусы мен шығыс бойлықтың 71,08 градусының қиылысында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,2, энергетикалық класы 10,2 болды.

Айта кетейік, бұған дейін Перу жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.

Сондай-ақ 15 қарашада Астана уақытымен сағат 22:48-де Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болған.

评论