Air Astana Шарм-эль-Шейхке тұрақты рейстер ашады

192
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0lOvtN2gEYFooUUUJN28bzGHKNFvLWTacq7uxde1.jpg

Фото: Air Astana 

Air Astana 10 желтоқсаннан Алматыдан, 11 желтоқсаннан Астанадан Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласына тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған дейін Шарм-эль-Шейхке әуе қатынасы тек чартерлік рейстер арқылы жүзеге асырылған. Енді жолаушылар билеттерді әуекомпанияның ресми сайты мен мобильді қосымшасынан, сондай-ақ туроператорлар мен аккредиттелген турагенттіктерден сатып ала алады.

Рейстер аптасына екі рет A321 ұшағымен орындалады: Алматыдан дүйсенбі және бейсенбі, Астанадан сейсенбі және жұма күндері.

Алматыдан барып-қайту билетінің ең төменгі құны эконом-класта – 283 690 теңге, бизнес-класта – 597 864 теңге. Астанадан тиісінше 283 734 және 588 932 теңгеден басталады.

ҚР СІМ мәліметінше, 21 жасқа толмаған азаматтар Мысырға ата-анасының бірімен ғана кіре алады. Шарм-эль-Шейхке 15 күнге дейінгі сапар үшін виза әуежайда рәсімделеді, ал өзге қалаларға бару үшін алдын ала виза алу қажет.

评论
其他材料