Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар талқыланды

51
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YFudUVL6majdD9M1ShAL2YIJbDqXtNK6lYX48nu4.jpg

9 қараша, Жезқазған қаласы. Ұлытау облысында Құрылтай депутаты Дархан Ахмедиевтің, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесіАманжол Әлтайдың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаевтың өңір тұрғындарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтарталқыланды. Қатысушылар цифрлық трансформация, жасандыинтеллектіні дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспенқамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жәнеадами капиталды дамыту мәселелеріне баса назар аударды.

Спикерлер Жолдау жүктеген міндеттерді өңірдің экономикалықжәне әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып іске асырудыңмаңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысының Жолдауы ел дамуының стратегиялықбағдарларын айқындап, экономиканы нығайтуға, халықтың өмір сүрусапасын арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуғабағытталған. Осы бастамалардың өңірлік деңгейде жүйелі әрі нәтижеліжүзеге асырылуын қамтамасыз ету баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Құрылтай депутаты Дархан Ахмедиев.

Өңірді дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді жаңғыртуды көздейтін«Халықтық құрылыс» бағдарламасы. Бағдарлама аясында облыстажаңа білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандарынсалу жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігімен сапасын арттырып қана қоймай, өңірде жаңа жұмыс орындарынашуға да мүмкіндік береді.

Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау шаралары, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы, педагогтердің әкімшілікжүктемесін азайту, сондай-ақ өңірдің экологиялық және технологиялықмәселелеріне қатысты сауалдарын ортаға салды. Су ресурстарынтиімді пайдалану және цифрлық инфрақұрылымды дамыту жолдары да талқыланды.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Үкіметтің қолдауы аясында Ұлытау облысында 30-ға жуық іріәлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанды жаңғырту жұмыстарыжүргізілуде.

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру бағытында да бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, негізгі теміржолвокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталып, ЖезқазғандыҚызылорда, Арқалық және Қарағанды қалаларымен байланыстыратынстратегиялық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмысы жалғасып жатыр. Аталған жобалар көлік қатынасынжақсартуға, жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтугебағытталған.

Бұдан бөлек, облыста денсаулық сақтау, білім беру және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынған. Бұл жобалар бюджет қаражаты есебінен және «Самұрық-Қазына» АҚ, «Qarmet» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы мен «Zhyly Zhurek» қорыныңқолдауымен жүзеге асырылуда. Жоспарланған жұмыстар аясындаөңірдің қалалары мен ауылдарында ауруханалар, емханалар, балабақшалар, инклюзивті және оңалту орталықтары, заманауи спорт кешендері мен Конгресс-орталығының құрылысы жүргізілуде.

Аталған бастамаларды іске асыру өңірдің әлеуметтікинфрақұрылымын жетілдіруге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында спикерлер тұрғындардың сауалдарына жауапберіп, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсініктеме берді.

 

评论