Еден жуушының шелегін тепкен мұғалімнің әрекеті талқыланды

325
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IGZKvruI7HHtw2upgsR5kJqdCJEahiMWFEBk4oVY.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалған

Ақтаудағы жекеменшік Tulpar School мектебінде болған жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 16 қазанда болған. Мектеп қызметкері еден жуушыдан директордың кабинетін тазалауды сұраған. Алайда ол тапсырманы орындаудан бас тартып, дөрекі сөйлегеннен кейін кабинеттен шығып кеткен.

Бұған ашуланған мектеп қызметкері еден жуушының шелегін аяғымен теуіп, ішіндегі суды төгіп тастаған. Оқиға түсірілген видео кейін әлеуметтік желілерде тараған.

Тексеру барысында жанжалға қатысқан әйелдің мектепте қосымша факультатив сабақтарын да өткізгені анықталған. Педагогикалық әдеп талаптарын бұзғаны үшін онымен жасалған еңбек шарты тоқтатылған.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде жұмыстан шығарылған қызметкердің лицей директоры Халеф Челиктің жұбайы екені туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.

评论