«Қазақстан аумағымен ұшып барамын». Ердоған Тоқаевқа жеделхат жолдады

118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b0J2TeMlcETgZHksQu9G2VBh1HneUPiOBgg3kk2q.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті.   Бұл туралы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Корея Республикасына ресми сапармен бағыт алған мен тарихи атамекеніміз – достас әрі бауырлас Қазақстан аумағымен ұшып барамын. Биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарымның, сондай-ақ сіздің жақында ғана Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Анкараға келген сапарыңыздың табысты нәтижелері мен жылы сәттерін ықыласпен еске алдым. Осы орайда сіздің деніңізге саулық, көңіліңізге қуаныш, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тілеген ізгі сәлемімді жолдағым келеді»,–деп жазды түрік көшбасшысы жеделхатта.

Мемлекет басшысы ТМҰ саммитіне қатысу үшін Анкара қаласына ресми сапармен барған қазақ делегациясын жылы қарсы алған Түркия президентіне алғыс айтты.

«Режеп Тайип Ердоған мырзаға Анкарада көрсеткен ілтипаты мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік одан әрі беки береді деп сенемін»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

评论