Қазақстандық қыздың жұмбақ өлімі Түркияда әйелдер наразылығын тудырды

434
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fk5qkBsOBDUqXlMd6jqBIjB7Fm5Ikknm2Vs0SGFg.jpg

Фото: sondakika.com

Түркияның Ыстамбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық Айсұлу Бекмаханованың жұмбақ жағдайда көз жұмуы жергілікті әйелдердің наразылығына ұласты. Қыз-келіншектер отандасымыз құлаған көшеге жиналып, қайғылы оқиғаның әділ әрі жан-жақты тергелуін талап етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы KTK арнасына сілтеп.

Жиналғандардың пікірінше, Айсұлудың өлімін өз-өзіне қол жұмсау деп қарастыруға болмайды. Олар оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, оған қатысы бар адамдар заң алдында жауап беруі керегін алға тартты. Сондай-ақ әйелдер құқығының қорғалуына назар аударды.

Еске салсақ, қайғылы жағдай өткен жексенбіде болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қазақстандық қыз балкон арқылы көрші ғимараттың шатырына көтерілген. Оның биікте отырған сәті түсірілген соңғы фотосы да әлеуметтік желілерде тарады. Кейін көрші үйдің төбесіне өтпек болған кезде төменге құлап кеткен болуы мүмкін. Айсұлу алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Осы оқиғадан кейін марқұммен бірге тұрған Ресей азаматы мен оның сүйіктісі ұсталған. Алайда тергеу аясында жауап алынған соң, олар елден шықпау туралы қолхатпен босатылған.

评论