Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DxshKTx7c2CSlGYhsr3oCMliJucYejVkCdU2CyCB.jpg

Ормұз бұғазының оңтүстік бөлігінде теңіз миналары жарылып, екі мұнай танкері зақымданды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Anadolu дерегінше, оқиға салдарынан кемелер қозғалысқа жарамсыз боп қалған.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) мәліметінше, жалпы сыйымдылығы 4,5 миллион баррельден асатын екі мұнай танкері таңертең Ормұз бұғазы арқылы өтпек болған.

Хабарламаға сәйкес, кемелер бұғаздың оңтүстік бөлігінде Иран билігі рұқсат етілмеген деп таныған бағытпен жүзіп бара жатқан кезде теңіз миналарына ұшырап, жарылыс болған.

Жарылыстан кейін экипаж мүшелері кемелерді тастап кеткен.

Бұған дейін, 12 шілдеде, Тегеран Иранға қарсы АҚШ шабуылдары қайта басталғаннан кейін Ормұз бұғазын қайта жабатынын хабарлаған еді.

评论