«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

56
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/y8PpH0sESwO1QXJBmlcJcO4QpHUIDyFP3tI6Xccj.jpg

Теміртаудың 4А шағынауданында бүлдіршіндер робототехниканы меңгеріп, сазбалшықтан бұйым жасап, Монтессори әдістемесі бойынша білім алатынжаңа балабақша бой көтеріп жатыр. Мұнда даму ерекшеліктері бар балалардың қатарластарымен бірге білім алып, ойнауына жағдай жасалады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқанәлеуметтік жобаның аясында 320 орындық нысанның таныстырылымыРеспублика күні қарсаңында металлургтер қаласында өтті.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа балабақшада балаларға қандай жағдайжасалатыны таныстырылды.

«Қазақстан халқына» қоры Теміртауда бұрын-соңды болмаған балабақшаныңқұрылысын қаржыландырып, халықаралық стандарттарға сай бірегейжобаны ұсынды. Мұнда мектепке дейінгі білім берудің заманауиәдістемелерін енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Қордың серіктестерітәрбиешілер мен педагогтерді балаларды дамыту мен оқытудың озық әдістерібойынша жұмыс істеуге даярлайды.

Балалардың жан-жақты дамуы үшін көптеген қызықты мүмкіндікқарастырылған. Балабақшада робототехника кабинеті, алғашқы тәжірибелержасауға арналған STEM кеңістігі, бейнелеу өнері шеберханасы мен қышбұйымдарын жасау студиясы ашылады. Сонымен қатар кітапхана мен қысқыбақ болады.

Жобада инклюзивті білім беруге де ерекше назар аударылған. Балабақшадааутизмі, есту, көру, сөйлеу және тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар қатарластарымен бірге тәрбиеленіп, білім ала алатын топтарқұрылады. Олар үшін құрғақ бассейндер мен тактильді панельдері бар сенсорлық бөлме, логопед пен психолог кабинеттері, арнайы жаттығуқұрылғылары қарастырылады. Тіпті ойыншықтар да балаларды кішкентайкезінен өзгешеліктерді қабылдауға үйрететіндей етіп таңдалады.

Балабақша аумағында көлеңкелі қалқалары бар 13 серуен алаңы, спорт алаңыжәне ортақ ойын аймағы салынады.

Құрылыс орны да кездейсоқ таңдалмаған. Теміртаудың ескі бөлігіндекөптеген жас маман еңбек ететін ірі өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан. Бұл ауданда жаңа тұрғын үйлерге қоныстанушылардың саны да артып келеді. Қазірдің өзінде 180 пәтерлі екі әлеуметтік үйге тұрғындар қоныстанған, тағы270 пәтерлі үш көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондықтан жаңабалабақшаның салынуы көптеген жас отбасы үшін көптен күткен жаңалықболмақ.

Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Балабақша балаларғаарналған жаңа орындар ашып қана қоймай, педагогтерді, медицина жәнетехникалық қызмет мамандарын жұмыспен қамтамасыз етеді.

— Балабақша құрылысын аяқтау ғана емес, оның жұмысқа толық дайынболуын қамтамасыз ету де маңызды. Барлық инженерлік коммуникацияларуақытылы тартылып, тиісті желілерге қосылуы тиіс. Құрылысжұмыстарының сапасына ерекше назар аудару қажет. Осы мақсаттатехникалық және авторлық қадағалау қызметтері әр кезеңде тұрақты бақылаужүргізуі керек. Мерзімдердің бұзылуына жол бермей, барлық мәселені жеделшешу қажет, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

«Қазақстан халқына» қоры Қарағанды облысындағы әлеуметтік жобаларғаосы уақытқа дейін 26,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Теміртаудақордың қолдауымен Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияның материалдық-техникалық базасы жабдықталып, химия, физика және биология кабинеттеріжаңартылды. Сондай-ақ қаланың 30 мектебіне спорт алаңдары орнатылды. Енді қаланың ең кішкентай тұрғындары үшін де жаңа мүмкіндіктерашылмақ.

评论
其他材料