Ресей президенті Владимир Путиннің Майамиде өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне жеке қатысатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.
«Әзірге шешім қабылданған жоқ», – деді Дмитрий Песков.
G20 көшбасшыларының саммиті 14–15 желтоқсанда АҚШ-тың Флорида штатындағы Дорал қаласында, Trump National Doral Miami кешенінде өтеді.
